фото: https://sputnik.kz
Каспий теңізінде балықтар қырылған жоқ
Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында, кефаль балығы жаппай қырылып жатыр" - деген әлеуметтік желіде тараған ақпарат жалған болы шықты.
Ол туралы бүгін Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясының мамандары мәлімдеді.
Дабыл көтерілген 29 тамыздан бастап балық қорғау инспекциясына қарасты құрылымдар мен облыстық экология департаменті және ветеринарлардан құралған топ 2 күн бойы Каспий теңізінің Атырау облысына қарасты аумағын автокөлікпен, кеше тікұшақпен қарап шыққан.
Әуеден бақылау кезінде теңіздің таяз жерлерінен балықтардың тобымен жүзіп жүргендерін көріпті. Бірақ жерге қонып, сынама алуға мүмкіндік болмаған. Мамандар өлген, әлсіреген балықтарды кездестірмегендерін айтады.Тексеру жұмыстары әлі де жалғасуда. Олар бүгін Маңғыстау облысына ұшып шықты.
"Атап айтқанда, теңіз балық инспекциясының мамандары учаскелерінде 35 км шамасында көлікпен тексеріп жағалауда жүрген аңшылармен сұхбаттасып ондай фактінің тіркелмегенін анықтады. Жағалаудан өлген балықтар анықталған жоқ. Бүгін, 31 тамызда әуеден бақылау жұмысы жалғасын табады", - деді "Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Мәншүк Темешова.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через