Кәсіби мейрамдар мерекелік күндер тізімінен шығарылуы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған.
«Кәсіби мерекелер туралы» Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, енді кәсіби мерекелерді қоспағанда, мейрам күндерінің тізбесін Үкімет белгілейді. Ал, кәсіби мерекелердің тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, яғни Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бекітеді.
Атап айтқанда, ведомство өзінің нормативтік-құқықтық құжаттарымен келесі кәсіби мерекелерді бекітеді:
- Медицина күні
- Мұғалімдер күні
- Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
- Полиция күні
- Шахтер күні
- Ғылым қызметкерлері күні
- Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні
- Мемлекеттік қызметшілер күні
- Металлургтер күні
- Құрылысшылар күні
- Шекарашылар күні
- Ұлттық валюта күні және басқалары.
Осылайша, Үкімет қаулысымен бекітілген мерекелер қатарында мына атаулы даталар қалады:
- Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан
- Алғыс айту күні – 1 наурыз
- Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр
- ҚР мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым
- Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі
- Абай күні – 10 тамыз
- Спорт күні – тамыздың үшінші жексенбісі
- Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні– 29 тамыз
- Білім күні – 1 қыркүйек
- Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі
- Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек
- Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі
- Қарттар күні – 1 қазан
- Нан күні – 16 қазан
- Энергия үнемдеу күні – 11 қараша
- ҚР Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.
«Жобаның мақсаты – қоғамдық-саяси маңызы бар, сондай-ақ дәстүрлі түрде қазақстандықтар атап өтетін оқиғаларға арналған мерекелерді мерекелеу. Мерекелерді тойлау ресми іс-шараларды өткізумен қатар жүреді», - делінген құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде.
Құжат 19 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото egemen.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через