фото: irk.ru
Жамбыл облысы Меркі ауданы орталығында кәріз жүйесі жоқ. Жетпіске жуық әлеуметтік нысаннан шыққан лас су аулада қазылған шұңқырға төгіледі.
Меркі аудандық ауруханасы 1983 жылы салынған. Сол кезде 1 гектар жерге 100 ге жуық септик қазылады. Ал қазір ол аумақ жеке үйлердің ортасында қалды. Қақпақсыз құдықтардың қоршауы да жоқ. Дәрігерлер ауруханадан шығатын қалдықты ауылдың сыртына, адам аяғы баспайтын жерге төгу керек дейді.
Көп пәтерлі үйдің тұрғындары да кәріз жүйесінің жоқтығынан, қиындық көріп отыр. Мұндағылар сарқынды суды амалсыз аулаға төгеді.
Аудандық әкімдік, мектеп, халыққа қызмет көрестетін 70-ке жуық әлеуметтік нысан қалдық суды септикке төгеді. Аудан билігі мәселені шешу үшін жоба жасап жатырмыз дейді.
Алдын ала есеп бойынша аудан орталығына 90 шақырымға жуық кәріз желісі қажет. Оған қоса қалдық суды тазарту станциясын салу жоспарда бар. Жоба құны 1 миллиард теңгеден асады. Аудан билігі бұл соманы аудандық бюджет көтере алмайды, - дейді. Сондықтан республикалық бюджетке сұраныс бермек.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через