Калифорнияда құбыр жарылып, жағажайды мұнай басты АҚШ-тың Калифорния штатындағы жағалудың бірінде мұнай төгіліп, ондаған шақырым жерді қара дақ басты. Апат Оранж округіндегі мұнай құбырының жарылуынан болған.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, 500 мыңдай литр мұнай төгілген. Салдарынан балықтар мен құстар қырылды. Шикізат 34 шаршы шақырым жерге жайылып, адамдар көп демалатын Хантингтон-бич жағажайы бүлінген. Қазір мұхит астымен салынған құбыр бітеліп, апаттың себептері анықталып жатыр.
Тұрғындарға мұнай төгілген жағажайларға бармауға кеңес берілген. Сондай-ақ төгілген мұнай жергілікті экологиялық қорыққа әсер еткен. АҚШ конгрессмені Мишель Стил президент Джо Байденді Оринж округін апат аймағы деп жариялауға шақырды.
Мәтіндегі ақпарат туралы
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через