Итінің арқасында иесі лотореядан ұтқан

Итінің арқасында иесі лотореядан ұтқан
фото: Фото: depositphotos.com

Жақында Лин дүкенге ретривер итімен бірге барады. Бір кезде ұшқыр жануар қарғыбауын үзіп, лотерея билеттерін сататын дүкенге жүгіреді. Дүкенге кірген ретривердің артынан жүгіріп, ызаланған Лин иттің кассадан билеттің бірін тартып алғанын көреді. Ал билет ит тісінен бүлінгендіктен, иесі оны сатып алуға мәжбүр болады. Бірақ бәрі жақсы жаққа бет бұрды. Өйткені Лин ханым 139 доллар ұтып алды. Әрине, соманы тым үлкен деп атауға келсейді. Бірақ қуанған әйел бұл оның өміріндегі ең көп  лотерея ұтысы екенін айтты.

Лин ертеңіне итімен тағы да лоторея билетін сатып алған. Бұл жолы да ит таңдаған билеттен ұтыс шыққан. Лин жеңген  ақшасына итіне тәтті әперіп, қуантыпты.

ҚазАқпарат