фото: https://24.kz
Итбалықтарға қауіп төнді. Оларға азық жетіспей, қырылудың аз-ақ алдында тұр. Бұл туралы зерттеу жүргізген британдық ғалымдар мәлімдеп отыр. Итбалықтар қоректенетін крилл мен шаяндар азайып кеткен. Мұны зерттеушілер жаһандық жылынумен байланыстырады. Осылайша, жыл сайын итбалық саны 7%-ке кеміп отыр. Мәселен, 2009 жылдан бері теңіз жануары 2 млн-ға азайған. Ал бүгінде тіршілік иесі жойылудың аз-ақ алдында тұрды. Өйткені, итбалықтың бағалы терісі үшін жаппай аулау жүргізілетіні тағы бар.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через