Италиялық әнші Тото Кутуньо қайтыс болды

Италиялық әнші Тото Кутуньо қайтыс болды
фото: sputnik.kz

Италиялық әнші әрі композитор Тото Кутуньо 80 жасында қайтыс болды.

Аты аңызға айналған әнші асқынған аурудан Сан-Рафаэль ауруханасында қайтыс болды, деді оның менеджері Данило Манкусо.

Сальваторе (Тото) Кутуньо – миллиондардың жүрегін жаулаған сүйікті әнші. 7 шілдеде ол 80 жасқа толды.

Итальяндық әнші және композитор өнерге алғаш қадамын барабаншы ретінде бастады. Содан кейін Toto e Tati тобын құрды,  кейін әннің музыкасын өзі жазды. Ол Джо Дассиннің әйгілі әндерінің бірлескен авторы болды, Адриано Челентано, Мирей Матье, Рикки э Повери, Далида және басқа да көптеген орындаушыларға әуендер жазды.

Қазақпарат