Италияда қазба жұмыстары кезінде археологтар осыдан 2300 жыл бұрын жасалған ондаған қола мүсінді тапты.
Ғасырлар бойы жер астында жатқан көне жәдігерлер өте жақсы сақталған. Еш бүлінбеген. Мамандардың айтуынша, бұған ыстық су себеп болған. Ежелгі рим дәуіріне тән мүсіндер кезінде ғибадатханаға сән беру үшін жасалған. Жоспар бойынша енді олар арнайы реставрациядан өтуі керек. Кейін жергілікті музейлердің бірінде көпшіліктің назарына ұсынылмақ.
Ақпарат дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через