Венецияда карнавалдар маусымы ашылды. Мереке пандемиядан кейін алғаш рет бұрынғы сипатта өтіп жатыр.
Мереке бағдарламасында – қайықтар шеруі, сәнді сарайлардағы балдар, Арсенал верфьтері және Сан-Марко алаңындағы музыкалық қойылымдар бар.
Ұйымдастырушылар венециялықтар мен туристерді костюм таңдауға шығармашылықпен қарауға шақырды.
Биылғы тақырып – астрологияның жеке тұлғаға әсері және жұлдызнама белгілерін «экстравагантты» көрсету.
Қаладағы іс-шаралардың көпшілігі тегін, палаццодағы кештер билетпен өтеді.
Венецияда және басқа да лагуна қалаларында мерекелер 21 ақпанға дейін жалғасады.
Апенниндегі тағы бір ірі карнавал Тоскана аймағындағы – Виареджода басталды. Жергілікті деңгейдегі бұл карнавал венециялық карнавалға қарағанда жасырақ – биыл оған 150 жыл болады. Мұнда халықтық мерекелерді саяси сатирасыз және өзекті мәселелерді мазақ етпестен елестету мүмкін емес.
Лигурия теңізінің жағалауындағы карнавалдың басты белгілерінің бірі – атақты адамдардың папье-машеден жасалған алып фигураларының шеруі.
Фото: interfax.ru,
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через