фото: www.youtube.com
Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстың көрнекті үлгісі ретінде Қостанайда ауыл шаруашылық тракторлары мен комбайндарын бірлесіп шығару жобасын айтуға болады.
Екі жақты келісімге 2021 жылдың наурыз айында қол қойылды. Италияның трансұлттық компаниясын еліміздің өндірістік мүмкіндігі, инвестициялық тартымдылығы қызықтырған. Былтыр Қостанай зауытынан «Қазақстанда Италиямен бірігіп жасалған» атаумен 250 техника шығарылды. Жоғары сапалы, еуропалық стандартқа сай комбайн, тракторлар тұтынушылар арасында жақсы сұранысқа ие.
Наурыз Байжанов, кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:
- Аталған жобаның арқасында ауылшараушылық техникасын өндірудің жергіліктендіру үлесі артты. Сонымен қатар машина жасау саласындағы өнім өндірудің номенклатурасы арттырылды. Онымен қоса айта кететін нәрсе, жоба аясында 50-ге жуық жұмыс орны құрылған болатын. Сол өндірістік әлеуеттің артуымен қатар, мұнда машина жасау саласындағы мамандар шетелдік әріптестерінен мол тәжірибе алған болатын.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через