Ит-мысығын ветеринарға жиі апаратындар Астана мен Таразда тұрады

Ит-мысығын ветеринарға жиі апаратындар Астана мен Таразда тұрады

Биылғы қаңтар-қыркүйекте елімізде ветеринариялық қызмет саласында 33 млрд теңгеге қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ға артық.

Ұлттық статбюро мәліметінше, бұл қызмет түрі ауылдық жерлерде 13 млрд теңгеге көрсетілген.

Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі елордада көрсетілген. Астанада осы жылдың 9 айында 3,9 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.

Сондай-ақ, айтарлықтай көлем Жамбыл (2,7 млрд теңге), Түркістан (2,4 млрд теңге) және Ақмола облыстарында (2,3 млрд теңге) тіркелді.

Ветеринария саласындағы қызмет көлемі Ұлытау облысында ең аз - 362 млн теңге.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: proprikol.ru