ISO 17024.ESC Халықаралық стандартқа сәйкес персоналды сертификаттау

ISO 17024.ESC Халықаралық стандартқа сәйкес персоналды сертификаттау

          Еуропалық сапа ұйымы (EQC)  Еуропа Одағының  40 ұлттық сапа ұйымдарын біріктіретін  коммерциялық емес тәуелсіз бірлестік болып табылады. «Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент» (KOKIM) қоғамдық ұйымы 15 жылдан астам уақыт бойы еліміздег і (EQC)-тің  жалғыз Ұлттық серіктесі дәрежесінде қызмет атқарады.

          КОКІМ  ISO 17024 стандартының талаптарына  сәйкес -- ұлттық және халықаралық аккредитацияға ие, сондықтан( EQC)   және Қазақстан Республикасының Ұлттық аккредиттеу орталығы атынан менеджмент саласындағы  ауқымды бағыттардағы  тізімі бойынша қызметкерлердің кәсіптік деңгейін сертификаттауға арналған жұмыстарды жүзеге асырады.

          Біліктілік құзыреттілігін сертификаттау жұмыс берушілер үшін де, қызметкерлердің өздеріне  де пайдалы, өйткені ол белгілі бір маманның білімі мен дағды деңгейі белгіленген халықаралық талаптарға, мүдделі тараптардың үміттеріне сәйкес келетіндігін объективті және тәуелсіз растауды ұсынады, және де басшылықтың тиісті біліктілік аясында қойылған міндеттерді шешуге деген сенімін арттырады.

          Сонымен қатар, сертификатталған маман (халықаралық және қазақстандық) екі сертификаттың иегері бола отырып, халықаралық деңгейде танымал болады, сондай-ақ еңбек нарығында нақты бәсекелестік артықшылықтарға ие болғаны  сөзсіз оның кәсіби мансабы үшін маңызды.

          Менеджмент жүйесі бойынша сертификатталған еуропалық маман болғыңыз келсе, Қазақстандық сапа және инновацияларды басқару ұйымына хабарласыңыз.

          Біздің қызметіміз туралы толық ақпаратты төмендегі байланыс арқылы және Standard.kz порталынан ала аласыз.

          Standard.kz  порталынан тек  кәсіби мамандарды таңдаңыз!