фото: pixabay.com
Біз жарты жылдың ішінде интернет жылдамдығы өте төмен 2000 мектептің проблемасын шешу үшін басқа операторға жүгінуіміз керек. Өйткені өзіміздің операторлар ол жерге сым тартқанға дейін 2 жыл өтеді. Мен екі жылды күтпей-ақ, жарты жылдың ішінде шешудің тәсілін білемін. Ол – Starlink-ті Қазақстанға енгізу. Сондықтан Илон Масктың Лоран Дрейер деген орынбасарымен кездесіп, елге алып келдім, Digital Bridge форумына қатысты. 10 мектепті Starlink арқылы қостық. Ол өте ыңғайлы, жылдамдығы өте жоғары, сапасы да жоғары. Оны Президент мырзаға да көрсеттік», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Jibek joly арнасына берген сұхбатында.
Бағдат Мусин Starlink ұсынатын интернеттің құны қанша болатынын да айтты.
«Шығынын салыстырсақ, секундына 4,8 мегабиттік интернетке қазір ақымыз Starlink ұсынатын интернетке төлейтін ақымен тепе-тең. Ал Starlink-тің жылдамдығы кемінде 100 мегабит. Қазір 100 мегабиттік интернет қала мектептерінде де жоқ. Сапасы өте төмен 2000 мектеп бар. Осы мектептердің мәселесін шешу үшін SpaceX-пен келісімшартқа отырып жатырмыз. Осы 2 мың мектепте Starlink құрылғыларын орнатып, баптауларын жасап, интернет мәселесін жарты жылдың ішінде шешеміз», - деді министр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через