Инноваторлар мен кәсіпкерлерді сапа байқауына шақырамыз!

Инноваторлар мен кәсіпкерлерді сапа байқауына шақырамыз!

 Биыл Алматыда «Жылдың сапалы инновациясы 2023» халықаралық байқауының Ұлттық іріктеу туры өтеді. Оның қорытындысы биыл қыркүйек айында  шығарылады.

Ұлттық байқаудың жеңімпаздары «QUALITY INNOVATION AWARD» халықаралық инновациялық жобалар байқауының ақтық сайысына қатысу үшін жолдама алады.

Халықаралық кезеңнің қорытындысы 2023 жылғы қазан мен қараша айлары аралығында жарияланады.

Өтінімдерді қабылдау-2023 жылғы 1 наурыздан бастап 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Шараға қатысуға, сондай-ақ оны БАҚ-та жариялауға байланысты сұрақ бойынша «Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымы» ("КОКИМ" ҚБ) базасында құрылған Ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды өтінеміз.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 299 үй.

Байланыс телефоны: +7 708 270 54 84 E-mail: info@standard.kz