фото: Фото: pro.rbc.ru
Илон Масктың басы дауға қалды
«Тесла» компаниясы акционерлерінің бірі оның басшысы Илон Маскты сотқа берді.
Ричард Торнетта кәсіпкерді 2018 жылғы еңбек шартын бұзды деп айыптап отыр. Оның пікірінше, Маск өзінің бірлестіктегі ықпалын пайдаланып, осындай келісімге қол жеткізген. Бірақ шартта көрсетілгендей, жұмысында көп болмаған.
Осыған байланысты соттан оның жалақысына қатысты белгілеген келісімнің күшін жойып, ол бойынша алған 56 млрд доллар сыйақыны қайтаруды талап етіп отыр. Алайда компания басшылығы:
«Масктың міндеті жұмыста көп отыру емес, оның дамуына қол жеткізу және кәсіпкер бұл істі өте жақсы атқарып келе жатыр», – дейді.
bugin.кз
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через