фото: pixabay.com
Америкалық миллиардер Илон Маск Neuralink компаниясының жаңа ми имплантын жариялады, ол зағип адамдарға көруге мүмкіндік беретін құрылғы ретінде жасалған. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы "orda.kz" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Масктың айтуынша, жаңа өнім Blindsight деп аталады.
«Blindsight – Neuralink-тің телепатиядан кейінгі келесі қадамы... Тіпті бұл дүниені ешқашан көрмеген, туа біткен соқырлар үшін де біз олардың көру қабілетін қалпына келтіре алатынымызға сенімдіміз» деп жазды Маск.
Оның айтуынша, бұл имплант қазірдің өзінде маймылдарға сынақтан өтіп жатыр.
«Бастапқыда Nintendo ойын консольдері сияқты ажыратымдылық төмен болуы мүмкін, бірақ ақыр соңында біз адамның қалыпты көру деңгейіне жетеміз деп күтеміз» деді ол.
Маск сонымен қатар эксперименттерге қатысқан маймылдардың зардап шекпегенін атап өтті.
Бұған дейін қаңтарда Илон Маск бірінші адам Neuralink имплантын алғанын және өзін жақсы сезініп жатқанын хабарлады. Масктың айтуынша, құрылғының жетістігі туралы алдын ала мәліметтер перспективалы нәтижелерді көрсетіп отыр. Кейінірек ол смартфонды немесе компьютерді ақылмен басқаруға мүмкіндік беретін Telepathy деп аталатын жаңа Neuralink өнімі ең алдымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналғанын хабарлады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через