фото: © Photo : Қазақстан ТЖМ
Балқаш ауданында бір аптадан бері қамыс пен шөп өртеніп жатыр. Тікұшақпен әуеден 387 тоннадан астам су төгілді.
"Қылмыстық кодекстің "Ормандарды жою немесе бүлдіру" деген 341-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Бұл бап бойынша мүлікті тәркілей отырып, сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Еске салсақ, табиғи резарватта өрт 22 сәуірде тұтанған еді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через