Ида дауылы АҚШ-ты әбігерге салды
Атлант мұхитында пайда болған Ида дауылы АҚШ жағалауына шамамен 25 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Дауылдан туындаған нөсер мен су тасқыны салдарынан 22 адам қайтыс болды, деп хабарлайды NBC.
Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарында зардап шеккендер бар. Оның ішінде екі жасар бала да бар.
Бұған дейін Нью-Йорк қаласының мэрі Билл Де Блазио тоғыз адамның қаза тапқанын мәлімдеген болатын. Ол су тасқынын Тарихи деп атады, аймаққа түскен жауын-шашынның рекордтық көлемі туралы хабарлаған болатын.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через