Гүлдала ауылындағы газ жарылысы: тағы бір адам қаза тапты

фото: Фото: © instagram/almobl_akimat

Алматы облысы Гүлдала ауылында болған газ жарылысынан зардап шеккен тағы бір адам қаза тапты. Әйелдің өлімі туралы ақпарат Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханада расталды.

Бұған дейін денесінің 95 пайызын күйік шалған 32 жастағы ер адам қаза болғаны хабарланған болатын.

"Ауыр жарақаттардың салдарынан кеше таңертең 1991 жылы туған науқас қаза болды, ал 2003 жылы туған әйел түнде есін жимай қайтыс болды, денесін 3-4 дәрежелі күйік шалған", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 17 желтоқсанда Алматыдан алыс емес Гүлдала ауылында жеке үйлерде газ жарылып, адамдар зардап шеккен болатын. Олар ауруханаға жатқызылған.

Әкімдіктің мәліметінше, оқиға Байтұрсынов көшесі, 67-үйде сағат 6:15-те және Сүйінбай көшесі, 34-үйде 8:20-да болған. Жарылыс газ-ауа қоспасының жарылуынан болған.

Жарылыс салдарынан төрт адамның жарақат алғаны хабарланды. Алдын ала себеп - табиғи газ құбырындағы қысымның көтерілуі.

kris_p_talgar паблигі мәліметінше, тұрғындар таңертең ерте – таңғы сағат төрттер шамасында үйлерінде газ иісін сезе бастаған. Содан кейін олар бұл туралы бір-біріне айта бастаған.

Фото: © instagram/almobl_akimatАлматы облысы Гүлдала ауылында болған газ жарылысынан зардап шеккен тағы бір адам қаза тапты. Әйелдің өлімі туралы ақпарат Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханада расталды.

ҚазАқпарат