фото: mangystaumedia.kz
Әлем жаңалықтары @Gucci әлемдік брендінің Instagram-дағы ресми парақшасында Gucci Cosmogonia круиздік топтамасының фотосуреттері жария болды. Онда жазылушылар қазақтың мотивтерін зерттеген. Фотосурет авторлары Мерт Алас пен Маркус Пигготт шығыс стиліндегі модельдерді ұсынған. Қазақстандық оқырмандар біздің мәдениетімізге жақын мотивтерді ғана емес, сонымен қатар елімізге жасалған сілтемеге куә болды. Кадрдағы музыкалық аспап көптеген адамдарға домбыраны, сонымен бірге дәстүрлі әшекейлерді еске түсірді. Осыдан кейін қазақстандық оқырмандар брендтің жарияланымын ризашылық пен таңданыспен қабылдаған. Тіпті наразылық пікір қалдырғандар да бар. Айта кететін жайт, @gucci аккаунтының 50 миллионға жуық оқырманы бар.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через