Гренландияда қардың орнына жауын жауды

Гренландияда қардың  орнына жауын жауды

               Гренландияда 70 жылдан бері алғаш рет жаңбыр жауды. Ол өткен ғасырдың 50-жылдары метерологиялық бақылау жүргізіле бастағалы  бергі жауған алғаш рет жауын .  Жаңбыр бірнеше сағат бойы жауған. Осы кезде аралда ауа температурасы көтерілгені байқалған. Ғалымдар бұл ауа райының жай ғана өзгеруі емес, аномальды құбылыс деп отыр. Себебі алдағы уақытта мұндай жайттың қайталануы мұздықтардың тез еруіне әкеледі деген қауіп бар. Уолт Мейер, ғалым: - Орта ендікте ауа температурасы бірнеше градусқа ысыса, аса байқала қоймас. Ал Солтүстік мұзды мұхитта бір-ақ градусқа көтерілсе де, апатты жағдай туғызады. Қазір су тасқындары мен аптап ыстықтың жиілеуі осының салдары.