«Google» компаниясы қазақ баласын жұмысқа шақырды

«Google» компаниясы қазақ баласын жұмысқа шақырды
фото: Фото: www.inform.kz

«Google» компаниясы қазақ баласын жұмысқа шақырды

Әли Жүсіпов Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультетін математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша тәмамдаған.  Ол Google компаниясынан шақыру алып, биылғы қыркүйек айынан бастап Цюрихтегі кеңсесінде бағдарламашы-құрастырушы болып жұмыс істеп жатыр.

Әли бұған дейін Яндексте тағылымдамадан өтіп, сонымен қатар «Сбер» компаниясында бағдарламашы-әзірлеуші ретінде еңбектеніп үлгерді.

Дарынды студент ЕҰУ-да оқыған жылдары бағдарламалау саласы бойынша көптеген халықаралық олимпиада мен жарыстарда жеңімпаз атанып, сондай-ақ шахмат пен баскетболға әуес болды.

Бүгінде ЕҰУ түлектерінің көпшілігі отандық және шетелдік IT-компанияларда табысты еңбек етіп жүр.

ЕҰУ механика-математика факультеті бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 15 білім бағдарламасы аясында жоғары білікті мамандарды даярлайды.

 

inform.kz