Гиннесс рекордтар кітабына енген жануарлар

Гиннесс рекордтар кітабына енген жануарлар

       Гиннесс рекордтар кітабы – бұл кейде өте маңызды, кейде өте оғаш және күлкілі жетістіктерді қамтитын "каталог". Сонымен қатар, рекордтарды адамдар ғана емес, жануарлар да жасайды. Назарыңызға Гиннестің рекордтар кітабына енген жануарларды ұсынамыз.

Рекордтар кітабына енген сиырлар
https://massaget.kz/userdata/u73955/2022-01/resize/c520f920ce17a3ae28881cd28e3f58fa.jpg
       Асыл тұқымды – Рани әлемдегі ең кішкентай сиыр ретінде танылды. Оның қысқа өмірі Бангладеште өтті. Кішкентай сиырдың суреті әлеуметтік желіде тараған соң, таңғажайып тіршілік иесін көруге мыңдаған туристер келе бастады. Өкінішке қарай, Рани ұзақ өмір сүрмеді, ол 2 жасында қайтыс болды. 
Ранидің бойы небәрі 51 сантиметрді құрады, бұл бұрынғы рекордшы Ұлыбританиядағы Своллоу атты 80 сантиметрлік сиырдан айтарлықтай төмен еді. Сваллоу 11 жыл өмір сүріп, 9 бұзау туған.
https://massaget.kz/userdata/u73955/2022-01/resize/ea6c59fc83df8590576d7ccc852d1353.jpg
       Ал, Доннето болса әлемдегі ең үлкен бұқа деп танылған. Ол өткен ғасырдың ортасында Швейцарияда өмір сүрген, замандастарының айғақтарына қарағанда, бұқа алып денесіне қарамай өте мейірімді болған екен. Доннетоның бойы 1 метр 90 сантиметр, салмағы 2 тоннаға жуық болған.

Мысық
https://massaget.kz/userdata/u73955/2022-01/resize/73d401f53693376b0ba3277abd571278.jpg
       Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше рекорд орнатқан мысықтар да бар. Олардың бірі, Смокки есімді мысық ресми түрде "әлемдегі ең шулы мысық" деп танылған.

       Смокки қалыпты мысықтарға қарағанда 4 есе жоғары дыбыс шығарады. Дыбыс деңгейін өлшейтін арнайы құралы оның Boeing-737 жақындаған кезде пайда болатын шу деңгейіне тең – 92 дБ (децибел) дыбыс шығаратынын анықтаған.

Иттер
https://massaget.kz/userdata/u73955/2022-01/resize/1f734c8a99418c7763e361ea3712595f.jpg
       2010 жылғы рекордқа сәйкес, Джордж атты ит әлемдегі ең үлкен ит деп танылған. Оның бойы 1,10 метр, ұзындығы 2,21 метр және салмағы 110 келі болған. Бұл жануар үш жыл өмір сүрген.

       Әлемдегі ең қымбат ит – текті тұқым саналатын тибет мастифі. Олар мейірімді, балалармен ойнағанды жақсы көреді, сонымен қатар адамға өте қамқор. Бұл иттердің орташа бағасы 100 000 долларды құрайды. 2013 жылы Қытайда тибет иті 1,9 миллион долларға сатылған.

Табиғаттағы алып жануарлар
https://massaget.kz/userdata/u73955/2022-01/resize/9007410b32117453b337c88b45420b91.jpg
       Ресми түрде кит акуласы планетадағы ең үлкен балық ретінде танылған. Оның салмағы 20 тоннаға дейін жетеді, бұл теміржол вагонының салмағына тең. Рекордтар кітабына 2000 жылы Пәкістан аумағындағы суда ауланған акула денесінің ұзындығы 7 метр, ені 16 метр болған.

       Осындай үлкен өлшемімен бұл акуланың көптеген тайпаластарынан айырмашылығы, адамдар үшін іс жүзінде қауіпсіз. Себебі кит акуласы балин киттері сияқты планктонмен, ұсақ балықтармен және кальмармен қоректенеді.
Аквалангтар мен сүңгуірлер жағалау бойымен баяу кит акуласына жақын жүзіп, оны суретке түсіріп, оған қол тигізіп, тіпті мініп үлгерген көптеген жағдайлар тіркелген.

       massaget.kz