Бұл – Берлинде осымен 18-ші рет өткізіліп отырған шара.
Шаһар тұрғындары қас қарая салысымен, Еуропаның түпкір-түкпірінен келген дизайнерлер мен суретшілердің туындылларын тамашалай алады. Биыл жарық шоулары Берлиннің Бранденбург қақпасы, Шар-лот-тенбург қамалы сынды ең көрікті 38 орнында қойылады. Түрлі-түсті жарықтарды көруге асыққан адамдардың қарасы көп. Германияда энергия тапшылығына байланысты оны үнемдеуді қолға алынған. Көптеген қалаларда түнгі уақытта көрікті орындардың өзі жарықтан ажыратылуда. Бірақ бұл фестивальді қуатты үнемдеу арқылы өткізу туралы шешім қабылданған. Шарада энергия 75% үнемделген.
Эндрю, саяхатшы:
- Ғимараттардың қабырғаларына түрлі-түсті жарықтар түсіріліп ғажайып кейіпке енді. Бұл жерде неміс мәдениетімен бірге Еуропаның жарық түсіруші шеберлерін де танып біліп жатырмыз. Бізге телемұнара мен әуе шарларындағы қойылымдар қатты ұнады.
Барбара, фестивальге қатысушы:
- Біз Франциядан арнайы келдік. 10 жылдан бері Еуропадағы түрлі фестивальге қатысып келе жатырмыз. Берлинге ұшатын балықтар қойылымын әкелдік. Адамдардың таңданысында шек жоқ. 6 жыл бұрын Францияда ең үнемді қойылым үшін жүлде жеңіп алғанымыз да бар.
Ақпарат дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через