фото: stranabolgariya.ru
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Лайсханов Шахислам бастаған жас ғалымдары мен Жаратылыстану және география институтының профессор-оқытушылары «Географиялық білім берудегі геоақпараттық технологиялар мен ресурстар» электрондық оқу құралын әзірледі.
Оқырмандар электрондық оқу құралымен арнайы ашылған http://giseducation.kz сайты арқылы танысып, тегін жүктеп ала алады. Алдағы уақытта осы сайтқа жоба аясында әзірленген оқу-құралдары жарияланып, оқырмандарға қолжетімді ету көзделген.
Оқу-құралы арқылы география мұғалімдері Жаңартылған мазмұндағы географияны оқытуда қолдануға болатын 60-тан астам геоақпараттық технологиялар және ресурстар туралы ақпараттарға ие болады. Оларды қолданудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерімен танысып, халықаралық және отандық дереккөздерден географиялық деректерді алу, және олармен жұмыс жасауды меңгереді.
Сонымен қатар, 9,10,11-сыныптарға арналған география оқулықтарында берілген кейбір күрделі тапсырмаларды орындауда геоақпараттық ресурстарды қолданудың әдістемелік нұсқаулықтарымен танысып, оларды өз кәсіби салаларында қолдана алады. Оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін оқу-құралында геоақпараттық технологиялар мен ресурстарға сілтемелер гиперсілтемелер және QR-кодтар арқылы берілді.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через