фото: zdravbud.net
Қазір елімізде темір тапшылығы анемиясы диагнозы екінің бірінде кездеседі. Мамандар мұны дұрыс тамақтану ережелерін ұстанбаумен байланыстырып отыр. Оның емі бар ма? Ағзаға кері әсерін тігізбей, гемоглобинді қалай көтеруге болады?
Гематологтар темір тапшылық анемиясы қазір балаларда жиі кездесетінін айтады. Жүктілік кезінде ана ағзасында темір тапшылығы болса, құрсақтағы балада да дамуы мүмкін. Сонымен қоса бір жасқа дейінгі сәбиге қосымша тамақ беру де аталған диагнозға әкелуі ықтимал. Дәрігерлер оны баланың есте сақтау қабілетінің төмендеуіне алып келеді, деп отыр. Сондықтан дер кезінде биохимиялық анализ жасатып емдетпесе, сәбидің бойы өспей қалуы ғажап емес.
Темір препараттарын бірінші дәрежесінде 1 ай көлемінде ішеді. Екінші, үшінші дәрежесінде темір препараттарын біз тағайындаймыз 2-3 айға. Терісі бозғылт болып содан кейін тырнақтары сынғыш болып жатса шаштары түскіш болып жатса учаскелік дәрігеріне апарып қан анализін тапсырып сосын биохимиялық анализді сол жерден темір мен феретиннің мөлшерін анықтап. Гүлфия Мұқатаева, Жамбыл облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі.
Биологиялық белсенду қоспалар демекші, оны тек дәрігердің рұқсатымен ғана ішуге кеңес беріледі. Мысалы ағзада темір алмасу процесі бұзылған адамдарға бұл препараттарды тұтыну - бауыр циррозына немесе қант диабетіне әкелуі мүмкін, дейді мамандар.
Биологиялық белсенді қоспаларды тұтынуға кеңес берілмейді. Себебі оны ретсіз пайдаланса, түрлі ауруларға әкеліп соғады. Сондықтан оны негізгі тағайындалатын дәрілер қатарына жатқыза алмаймыз. Олардың құрамында тек темір емес, кальций, магний секілді көптеген микроэлемент бар. Ал ол организмге түссе, онда темірдің адам бойына сіңуіне кедергі болады. Айжан Нұрғалиева, дәрігер-гематолог.
Елімізде темір тапшылығы анемиясына шалдыққандар саны күрт өсіп жатыр. Қазір ересектерді санамағанда, балалардың 100 мыңннан астамы есепте тұр. Сондықтан мамандар тұрғындарды жыл сайын толық медициналық тексеруден өтіп тұруға шақырады.
Дереккөз 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через