Газдалған сусыннан балалар уланып жатқаны рас па

Газдалған сусыннан балалар уланып жатқаны рас па

WhatsApp-та «Тархун» сусынын ішкеннен кейін ұл бала көз жұмғаны және газдалған сусындардан өзге де балалар уланып жатқаны туралы фейк ақпарат тағы тарады.  Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ақпаратты теріске шығарды.

Хабарламада «Тархун» және «Ситро» газдалған сусындары ғана емес, сонымен қатар «M&M’S» дражесі, «Milky way» шоколады, «Дюшес» пен «Барбарис» кәмпиттері және басқа да бірқатар тағам қауіпті деп танылғаны айтылған.

photo

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тізімдегі бірде-бір өнім қауіпті деп танылмағанын, сондай-ақ Қазақстанда газдалған сусыннан қатты улану жағдайлары тіркелмегенін мәлімдеді.

«ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде таралған азық-түлік өнімдері туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін және фейк деп танылғанын хабарлайды. Сондықтан жалған ақпарат таратпауды сұраймыз және тек ресми дереккөзден алынған ақпаратты пайдалануға шақырамыз», – деді ведомстводан.

Дереккөз  ҚазАқпарат. Фото rsport.ria