«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ ғалымдары Атырау облысындағы аймақтық маңызы бар жолдардың құрылысында жергілікті материалдарды пайдаланудың жаңа технологиясын қолданады.
Сондай-ақ жол төсемінің табиғи беріктігін арттыру үшін жергілікті климаттық жағдайлар мен жер қыртысының құрылымы да назарға алынады.
Инновациялық технология алғаш рет Атырау облысының Азғыр өңіріндегі автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарында қолданылмақ.
Бесінші категорияға жататын жол учаскелерінде құм, саз және сор кездеседі. Сондықтан да жөндеу жұмыстарын бір жобамен жүргізу мүмкін емес. Осы мәселені шешу үшін министрлік жол учаскесінде жаңа технологияларды енгізуді тапсырды. Ол оң нәтижесін берсе, инновациялық шешім өңірдегі өзге де жол жөндеу жұмыстарында қолданылады.
«Жол саласында жергілікті материалдарға басымдық беру – ел экономикасына оң әсер тигізетіні белгілі. Яғни, оны тасымалдау кезіндегі қыруар шығындар азаяды», – дейді мамандар.
фото rus.azattyq-ruhy.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через