Ғалымдар көңіл-күйді жақсартатын жемісті атады

Ғалымдар көңіл-күйді жақсартатын жемісті атады
фото: https://pixabay.com/ru/

       Күнделікті киви жеу төрт күн ішінде С витаминінің деңгейі төмен адамдардың көңіл-күйін көтереді. Отаго университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді. 

       Сегіз аптаға созылған зерттеуге С дәрумені деңгейі төмен 155 ересек пациент қатысты. Олар витаминдік қоспаларды, плацебоқабылдап, күн сайын екі киви жеген.

       Бұл жеміс бар болғаны төрт күннің ішінде адамдардың көңіл-күйін жақсартты. Максималды әсер 14-16 күнде байқалды. 

       Сарапшылардың пікірінше, зерттеу нәтижелері адамдарға өздерінің психикалық әл-ауқатын қолдаудың тиімді және қолжетімді әдісін көрсетеді.

       Айта кетейік, бұған дейін Маман қысқа толқынды пеште жылытуға болмайтын 5 өнімді атаған еді.

       Stan.kz