India Times басылымы жаһандық жылынудың салдарынан 2030 жылға дейін су астында қалуы мүмкін әлем қалаларының тізімін жасады.
Тізім климатты зерттеумен айналысатын Climate Central ұйым ұсынатын карта деректеріне негізделеді. Басылымның хабарлауынша, Амстердам, Басра, Жаңа Орлеан, Венеция, Хошимин және Калькутта сияқты қалаларға қауіп төніп тұр.
"Голландиялықтар су тасқынынан қорғану ғылымын игергенімен, бұл қала жаһандық жылыну мен теңіз деңгейінің көтерілуіне тура келетін сияқты", – делінген мақалада.
Ирактың Басра порты Парсы шығанағына құятын Шатт-Эль-Араб өзенінде орналасқан. Қала сулы-батпақты жерлерде орналасқандықтан он жылдан кейін ол жартылай не толығымен су астында қалуы мүмкін.
Жаңа Орлеанда оны су тасқынынан қорғайтын бөгеттер жүйесі бар, бірақ бұл жағдайда жергілікті билік келесі онжылдыққа жету үшін біраз жұмыстар жүргізілуі керек.
Адриатика теңізіндегі 118 аралда орналасқан Венеция жылына екі миллиметр су астына кетіп жатыр.
"Егер сіз венециялық сәулеттің барлық сұлулығы мен әсемдігін көргіңіз келсе, оны жақын арада, қаланы су баспас бұрын жасаған дұрыс", – дейді басылым.
Ал Меконг өзенінің жанындағы вьетнамдық Хошиминнің шығыс бөлігі су деңгейінің көтерілуіне қауіп төндіреді. Қала аман қалса да, жиі соққан дауыл мен су тасқыны салдарынан онда тұру қауіпті болады, делінген мақалада.
2030 жылға дейін Үндістандағы халық саны бойынша екінші және төртінші қала – Калькутта су астында қалуы мүмкін. Климаттың өзгеруіне байланысты Ганга өзені маңы су тасқынына тап болады
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через