Ғаламдық жылыну Жер-Ананың дабылы

Ғаламдық жылыну Жер-Ананың дабылы

                  Ғаламдық жылыну Жар-Ананың дабылы

          Біріккен Ұлттар Ұйымы  метеорологтары алдағы бес жылда ауа райы мен климатты бақылау тарихындағы ең жылы уақыт болады деп болжауда. Орташа температура жыл сайын жоғарылап жатыр. Зерттеуді Ұлыбритания метеорологтары жүргізді.

          Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым өкілдері -- 2016 жыл ең жоғары температурадан рекорд орнатқанын айтады. Алайда осымен қатарынан бес бесжылдық бойы ауа температурасы көтеріліп келеді. Енді 2021 жылдан 2025 жылға дейін құрлық пен теңіздің орташа беткі температурасы осы бесжылдықтың әр жылында температура мәнінен кем дегенде бір градус Цельсияда болады деген қорытындыға келді. Ал осы бесжылдықтың ішінде температура «40 пайыздық ықтималдықпен» индустрияға дейінгі деңгейден 1,5 градусқа асып кетуі мүмкін деп жазады ТАСС.

           Бұл жаһандық жылынудың көрінісі және атмосферада парниктік газдардың тұрақты ұлғаюымен байланыстырып отыр.  Мамандар жоғары ендік аймақтарында ауа-райының ылғалды болуын, сондай-ақ Атлант мұхитындағы циклон белсенділігінің артуын болжайды. Бұған дейін АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігі климаттың өзгеруі мен табиғи аппаттарды болжап, қадағалап отыратын Жерді бақылаудың жаңа жүйесін құрып жатқандығын хабарлаған болатын.

            НАСА басшысы дауылдардың жаһандық жылыну үрдісіне байланысты жойқын сипатқа ие болғанын баса айтты. Жаңа обсерватория әлемге Жердің климаттық жүйесі туралы бұрын-соңды болмаған түсінік береді, мамандарға климаттың өзгеруін азайту және табиғи аппаттардан қорғау үшін жаңа буын деректерімен қамтамасыз етеді деп атап өтті.