G20 елдерінің экологиялық қарызы өтелуі керек

G20 елдерінің  экологиялық  қарызы  өтелуі  керек

G20 елдерінің  экологиялық  қарызы  өтелуі  керек

Үлкен жиырмалық елдерінің қоршаған орта министрлері Неапольде екі күндік саммитке жиналды.

 Саммитте жаһандық жылыну, жасыл энергияға көшуді қаржыландыру, су ресурстарын басқару және жабайы табиғатты қорғау тақырыптары талқыланды.

АҚШ президентінің климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри Италияның экологиялық қайта құру министрі Роберто Чинголанимен кездесті. Олар: планетадағы температураның 1,5 градусқа көтерілуіне жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек екендігін  айтты.

Италиядағы Саммит-қараша айында Глазгода өтетін БҰҰ-ның климат жөніндегі конференциясына дайындық кезеңі.

Неаполь орталығындағы наразылық акциясына қатысушылар қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу ретінде дамушы елдердің сыртқы қарыздарын есептен шығару туралы тармақты оның күн тәртібіне енгізуге шақырды.

Оскар Сория, AVAAZ ҮЕҰ директоры:

"Көптеген дамыған елдер қоршаған ортаны пайдалану арқылы байыды. Бүгін біз олардан дамушы елдерге сыртқы қарызды есептен шығарып, экологиялық қарызды төлеуді талап етеміз. Содан кейін соңғысы пандемиядан туындаған құлдыраудан кейін экономикасын қалпына келтіре алады".

Активистер саммитке  қатысушыларды экологиялық апаттың алдын алу үшін шешуші әрекетке шақырды.

Кейбір елдер 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге уәде берді. Бірақ ғалымдар температураның өсуін ұстап тұру үшін осы онжылдықтың соңына қарай зиянды шығарындыларды 40% - ға азайту керек деп сендіреді.