Францияда қазақ көкпары туралы көрме ашылды

фото: sputnik.kz

Париж галереясында қазақ көкпары туралы көрме ашылды. Француздың деректі фотографы ежелгі көшпелілер ойыны туралы баяндайтын бірқатар жұмысты көрерменге ұсынды.

Габриэль Гоффр өткен жылдың соңында Қазақстанға келген. Мақсаты – қазақтың ұлттық спортын көріп, оны фотоға түсіру. Ал фототүсірілім үшін Габриэль Шымкент маңындағы ауылдық жерлерге барған. Ол кәсіпқой емес, әуесқой спортшылар шұғылданатын ойын түрлерін түсіргісі келген. Әлемнің жартысын аралаған фотограф қазақстандық сапардан үлкен әсер алған. Жақын арада ол жаңа шығармашылық жобаны жүзеге асыру үшін тағы да Қазақстанға келуді көздеп отыр. Айтпақшы, париждіктер Гоффрдің кейбір жұмысын жеке коллекцияларға сатып алды.

"Бұл көрме Қазақстанды көрсету үшін жасалды. Францияда шын мәнінде не екенін білетін адамдар аз. Жаман да, жақсы да суреттер жоқ. Бұл тек бір бөлігі ғана, ал олардың көпшілігі Қазақстанда түсірілген. Мен қазақтар мақтан тұтатын және мені таңғалдыратын нәрсені ұсынғым келді", - дейді деректі фотограф Габриэль Гоффр.

Ал қазақтың көкпарын білгісі келіп, көрмеге келген француздардың алған әсерлері де ерекше.

"Шынымды айтсам ең жоғары деңгейдегі фотосуреттер. Ойын барысында ойыншылар кластерінің ішінен түсірілген кадрлар бар. Журналистке мұны істеу қиын болғанын түсінемін. Маған қарапайым тұрғындарды суреттеген осындай фотосуреттер өте ұнайды. Бұл адамгершілікті арттырады", - дейді көрмеге келуші Кантан Рудье.

Париж галереясында қазақ көкпары туралы көрме ашылды. Француздың деректі фотографы ежелгі көшпелілер ойыны туралы баяндайтын бірқатар жұмысты көрерменге ұсынды.

Габриэль Гоффр өткен жылдың соңында Қазақстанға келген. Мақсаты – қазақтың ұлттық спортын көріп, оны фотоға түсіру. Ал фототүсірілім үшін Габриэль Шымкент маңындағы ауылдық жерлерге барған. Ол кәсіпқой емес, әуесқой спортшылар шұғылданатын ойын түрлерін түсіргісі келген. Әлемнің жартысын аралаған фотограф қазақстандық сапардан үлкен әсер алған. Жақын арада ол жаңа шығармашылық жобаны жүзеге асыру үшін тағы да Қазақстанға келуді көздеп отыр. Айтпақшы, париждіктер Гоффрдің кейбір жұмысын жеке коллекцияларға сатып алды.

"Бұл көрме Қазақстанды көрсету үшін жасалды. Францияда шын мәнінде не екенін білетін адамдар аз. Жаман да, жақсы да суреттер жоқ. Бұл тек бір бөлігі ғана, ал олардың көпшілігі Қазақстанда түсірілген. Мен қазақтар мақтан тұтатын және мені таңғалдыратын нәрсені ұсынғым келді", - дейді деректі фотограф Габриэль Гоффр.

Ал қазақтың көкпарын білгісі келіп, көрмеге келген француздардың алған әсерлері де ерекше.

"Шынымды айтсам ең жоғары деңгейдегі фотосуреттер. Ойын барысында ойыншылар кластерінің ішінен түсірілген кадрлар бар. Журналистке мұны істеу қиын болғанын түсінемін. Маған қарапайым тұрғындарды суреттеген осындай фотосуреттер өте ұнайды. Бұл адамгершілікті арттырады", - дейді көрмеге келуші Кантан Рудь.

ҚазАқпарат