Францияда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Францияда  Еуропа  қазақтарының  құрылтайы  өтіп  жатыр
фото: https://sputnik.kz

Францияда  Еуропа  қазақтарының  құрылтайы  өтіп  жатыр

Құрылтайды Франциядағы қазақтар мен Париждегі қазақстандық дипломаттар және "Отандастар " қоры ұйымдастырды.

Францияда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр. Жиынға Еуропалық Одақ аймағында тұратын қандастарымыз бен Түркия және Қазақстаннан делегациялар қатысты.

Пандемиядан кейін алғаш өтіп жатқан елеулі шараға мыңға жуық адам жиналды.

Құрылтайды Франциядағы қазақтар мен Париждегі қазақстандық дипломаттар және "Отандастар " қоры ұйымдастырды. Іс-шара аясында Еуропадағы диаспоралардың кездесуі, этнодизайнер Қазипа Қалиқызының дәрісі, әр елден жиналған өнер адамдарының концерттерін өткізу қарастырылған. Тіпті жастар үшін би кешін өткізу ойластырылған.

"Шетелде тұрғандықтан өзіміздің мәдениет пен дәстүрімізді сақтауымыз керекпіз. Сол үшін енді жылына бір рет осындай құрылтайлар болса өз туыстарымызды көреміз өз қандастарымызды көреміз. Сол үшін бұл бізге өте маңызды", – дейді Австриядағы қазақ диаспорасы қауымдастығының төрағасы Ертұғрұл Шолпан.

Париж құрылтайы бағдарламасында мәдени көрікті жерлерге айналған Абай мен Мұстафа Шоқай ескерткішіне тағзым ету де қамтылған.

"Осы жерде біз қазақтың туын көтеріп Еуропаның ортасында Париждің төрінде біз қоғамымыз бар. Біз бұл қоғамды ашуымыздың себебі келе жатқан ұрпақтарымыздың ата салт-дәстүрін ұмытпасын, қазақшылығын ұмытпасын, тілін ұмытпасын деп сол қоғамда әр аптасына той-томалағымыз болады. Сол жерде той-томалағымызды өткіземіз. 400-500 қазағымыз келеді. Бәрі бас қосады сол жерде", – дейді Франциядағы Түрік қазақтары қауымдастығының президенті Есімхан Назир.

Айта кетерлігі, Еуропалық қазақтар үшін құрылтай – ерекше маңызды іс-шара. Себебі, жырақта жүрген қандастарымыздың басын қосатын мұндай жиындардың мақсаты – ұлтымыздың төл мәдениетін сақтап, ұлықтау.

Мәтіндегі ақпарат туралы