Францияда дәрі-дәрмек тапшылығы туындап жатыр

Францияда дәрі-дәрмек тапшылығы туындап жатыр
фото: https://sputnik.kz

Францияда дәрі-дәрмек тапшылығы туындап жатыр

Қыс мезгілі басталуына байланысты түрлі салқын тию ауруларының да асқынатыны белгілі. Оның қатарында түрлі тонзиллит пен құлаққа салқын тию аурулары да бар. Бұл екі топтағы аурулар негізінен стрептококк, стафилококк сынды бактериялардан пайда болады.

Осы тектес түрлі инфекциялық аурумен күресуде пенициллин сынды антибиотиктер таптырмас құрал болып саналады. Сондықтан адамзат баласы пенициллин негізіндегі дәрі-дәрмек өндірісін қалыптастырған және оны қолдану үлгісі мен мөлшерін анықтаған адамдар алдында қарыздар.

Қазір Францияда пенициллиннің "шөбересі" саналатын амоксициллин атты антибоитк тапшылығы тіркелді. Жоғары сұранысқа ие және бағасы да қолжетімді препарат тапшылығы туындайды деп ешкім күтпесе керек.

Сондай-ақ елде бактерияға қарсы қарапайым препарат қана емес, айтарлықтай көп дәрі-дәрмек жетіспейтіні анықталды. Бұл дәрі-дәрмек тізімі бүгінде 28 сегіз бетті құрап отыр. Франциядағы Ұлттық дәрі-дәрмек қауіпсіздігі агенттігінің хабарлауынша, өмір сүру көрсеткіші бойынша жиі тағайындалатын және рецепт бойынша берілетін препараттар дәріханалардан табылмауы мүмкін. Франция билігі мұны "жеткізулерге байланысты қиындықтар" деп атады.

"Ауыр демікпемен ауыратын немесе ішкі секреция бездерінің жұмысында ақауы бар, соның ішінде қалқанша безі мен гипофиздің дисфункциясы бар науқастарға немесе бірқатар маңызды гормон түзілуінде қиындық бар балаларға қажет дәрілер сатылымда жоқ. Сондықтан, рецепт бойынша қарапайым терапевт немесе педиатр тағайындаған тұрақты антибиотикті дәріханадан ала алмайды. Қажетті препаратқа алдын ала тапсырыс беру немесе дәріханаларды шыр айналып іздеуге тура келеді", - деп жазады жергілікті  басылымдар.

Еуроодақ бойынша барлық дәрілік дәрі-дәрмек өндірісінің шамамен 85 проценті, соның ішінде өндірістік желілерде дәрілік заттардың молекулаларын дайындау Азия елдеріне шығарылған. Негізінен Үндістан мен Қытайда орналастырылған.

Бұл бастаманы қолдағандар біріншіден, ЕО-пен салыстырғанда арзан өндіріс есебінен шығындарды азайтудың қандай пайда әкелетінін есептеді. Екіншіден, олар жасыл индустрия талаптарын сақтауы керек болатын.

Расында да, фармацевтикалық зауыттар мен фабрикалар көп қалдық түзеді. Ал ол қалдықтарды утилизациялау кәсіпорын тиісті салық төлегеннен кейін-ақ өндірістің пайдасынан гөрі шығыны көп екенін білдірер еді.

Дегенмен, энергияны ең көп қажет ететін салалардың бірі саналатын фармацевтикалық өндірісті Азияға шығарғанымен, энергия тасымалдағыштар дағдарысы оларды сырт айналып өтпеді. Дәрі-дәрмек шығару қарқыны біршама баяулады.

Бір кезде электр қуатын өндіруде жүз процент тәуелсіз болған Франция қазір жылына 213 күн бойы электр қуатын импорттап отыр. Бұл туралы елдегі көне басылым "Фигаро" да жазды. Ал "Монд" апталығы биылғы қыста жарықтың жиі өшуінің ықтималдылығы жоғары екенін хабарлады.

Қарашаның басында Bloomberg агенттігі былай деп жазды: "Франция энергетикасындағы қазіргі ахуалға Путинді айыптай берудің қажеті жоқ. Бұл француздардың іс-әрекетінің нәтижесі болып отыр". Сондай-ақ бұл басылым "кезінде ұлттық энергетика көзі болған АЭС өндірісін кезекті рет қысқарту қарастырылғанын" жазды.

Профилактикалық қызмет көрсету үшін тоқтатылған реакторларды іске қосуды жеделдету туралы өтініштер мен талаптарға қарамастан, бұл нысандардың қауіпсіздігіне жауаптылар қолданыстағы ережелерді бұза алмайтындарын және билік талап еткенде емес, реакторлар пайдалануға дайын болған кезде ғана оны іске қосатынын айтты. Сондықтан жақын уақытта Франция билігі электр энегриясын үнемдеу бойынша қатаң шаралар қабылдауы ықтимал.

https://sputnik.kz