"Форбс" тізіміндегі белгілі кәсіпкердің жері мемлекетке қайтарылды

"Форбс" тізіміндегі белгілі кәсіпкердің жері мемлекетке қайтарылды
фото: sputnik.kz

Еңбекшіқазақ ауданындағы 3500 гектар жер мемлекетке қайтарылды.

Алматы облыстық прокуратурасының мәліметінше, бұл жер 2017 жылы "Форбс тізіміндегі белгілі кәсіпкерге оларды шалғайдағы (маусымдық) мал шаруашылығына арналған жерлер құрамынан шығарылып, заңсыз берілген.

Үшінші тұлғаларға жерді қайта беру фактілерін болдырмау мақсатында бұл жерлер жергілікті тұрғындар үшін қоғамдық жайылымдарға беріледі.

Сонымен қатар, жыл басынан бері жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі бизнесмендерге тиесілі 26,8 мың га жер, кадастрлық құны 714 млн.теңге мемлекет пайдасына қайтарылды.

Бұл жерлер жылдар бойы пайдаланылмай, бос жатқан. Жемшөп дақылдары өсірілмеген. Осы шаруашылықтардың балансында ауылшаруашылық жануарлары да болмаған.

Қазақпарат