Финляндия күн қуатын пайдаланып, теңіз суын тұщытудың амалын тапты. Good News Network хабарлауынша, бірнеше жылдық зерттеулерден кейін фин компаниясы Solar Water Solutions күннен қуат алатын «жасыл» жүйені сынауды қолға алды.
Жердегі тұщы судың үлесі 3 пайыз құрайды.700 миллионнан астам адам үнемі ауыз судан тарығады. Ал суды тазарту инфрақұрылымның құрылысы тек қана қымбат емес, сонымен қатар қоршаған ортаға да зиян келтіреді.
Технология жетілдірілген кері осмос әдісіне негізделген. Су молекулалары цилиндрлі резервуарлардан мембрана арқылы өтеді. Ал, сыртқы қысым күн қуатымен қамтамасыз етіледі. Жүйе жұмысының кемшілігі сол күндізгі жарыққа тәуелді. Сондай-ақ тазарту барысында шығарылатын теңіз тұзының қалдықтары да біраз әбігерге салады. Оны өндеуді үйренгенше әзірге тұз қалдықтары қайта мұхитқа тасталады. 37 күн батареясы жабдықталған қондырғының құны 20-30 мың доллар шамасында. Қуаттылығы сағатына 750 литр таза су құрайды. Solar Water Solutions көрсеткен қаржылық қолдаудың арқасында қондырғылардың 200-ін Кенияның Китуи округінде орнатты. Бір сағат ішінде станциялар 7000 литр теңіз суын тұщы суға айналдырады деп аяқтайды басылым.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через