фото: сайлау 2022
Кеше өткен кезектен тыс Президент сайлауы кезінде Еxit poll әдістемесі бойынша жүргізілген сауалнамалардың алғашқы қорытындылары мәлім болды.
Әуелі «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша сауалнама жүргізген «Ашық қоғам» өңірлік зерттеулер халықаралық институтының мониторинг нәтижесін жариялады. Оған барлық өңірде орналасқан 354 сайлау учаскесінен 1062 интервьюрер атсалысып, 304 мыңнан астам азаматтан жауап алған.
Сонымен, «Ашық қоғам» өңірлік зерттеулер халықаралық институты жүргізген Exit-poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев —82%, өзге кандидаттар 2-3 пайыз мөлшерінде дауыс жинаған.
AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты жүргізген Еxit poll нәтижесі бойынша сайлаушылардың 85 пайыздан астамы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Мұндағы Exit poll 70 мыңнан астам азаматты қамтыған.
СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» өздері жүргізген Exit poll қорытындысын жариялады. Оның қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев – 82, өзге кандидаттар 2-3 пайыз мөлшерінде дауыс жинаған.
Осылайша алғашқы үш Exit poll қорытындысы да үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Президент сайлауында айқын басымдықпен жеңді дегенге саятын мәлімет ұсынып отыр.
Фото: almaty.tv
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через