Эверестке шығу үшін чип керек

Эверестке шығу үшін чип керек
фото: https://pixabay.com/ru/

     Эверестке шығатын альпинистер электрондық чип тағуы тиіс. 

     Непал билігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін талапты күшейтіп отыр. Өйткені 1953-жылдан бері Эверестті бағындырмақ болған 300-ден аса адам опат болған. Қаншамасы жоғалып кетіп жатады. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты іздестіру-құтқару жұмыстары қиындай түседі. Ал чиптердің көмегімен мамандардың жұмысы жеңілдеуі мүмкін. Себебі құрылғы адамның жүрген жерін көрсетіп отырады. Құрылғы альпинистің сырт киіміне тағылады. Бағасы 10-15 доллар шамасында.

     Ақпарат дереккөзі: www.24.kz