Еуропалық хабар тарату одағы «Еуровидение-2023» байқауының Ұлыбританияда өтетінін мәлімдеді.
Шараның ұйымдастырушылары биыл байқауды Украинада өткізу қауіпті деп санады.
Ережеге сәйкес, байқау алдыңғы жылы жеңіске жеткен елде өтуі тиіс. 2022 жылы Украина атынан өнер көрсеткен «Калуш» тобы «Стефания» әнімен жеңімпаз атанған.
Алайда, байқау ұйымдастырушылары Украинада жалғасып жатқан соғысқа байланысты ондағы қатысушылар мен көрермендер қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейді деп санайды.
Бұрын хабарланғандай, Украина бастапқыда бұл шешімге қарсы болып, байқауды өз аумағында өткізу туралы келіссөздің жалғасуын талап еткен еді.
Бірақ пікірлер нәтижесінде қауіпсіздік шешуші рөл атқарды.
Фото: ru.armeniasputnik.am
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через