фото: pexels.vercel.app
CanadaCIS Канаданың көші-қон агенттігі азаматтығын алу қиынға соқпайтын елдердің тізімін жариялады
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 2009-2021 жылдар аралығында Швеция Еуроодаққа мүшелік етуіне қарамастан азаматтық алу үшін ең қолайлы ел ретінде танылды. Шамамен өтініш берген әрбір оныншы адам Швециядан мақұлдау алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі schengenvisainfo.com порталына сілтеме жасап.
Сонымен қатар тізімде Нидерланды, Исландия және Португалия сияқты елдер бар. Мысалы үшінші әлем тұрғындарының 6,6 пайызы Португалияда азаматтық алады. Яғни, өтінішпен жүгінген елу азаматтың үшеуі португал төлқұжатының иегері болады.
Зерттеу барысында азаматтық алу қиынға соғатын елдер де анықталған екен. Эстония өтініш берушілердің тек 0,5 пайызына өз азаматтығын беретіні белгілі болды. Сонымен қоса әйелдерге қарағанда ер адамдарға төлқұжат беруден бас тартатын көрінеді.
Бұдан бөлек азаматтығын әр адамға бере бермейтін елдердің қатарында Латвия, Чехия және Литва бар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через