2022 жылы Еуропалық одақ орхидея, гиацинт, нарцисс және қызғалдақты жалпы сомасы 100,6 миллион еуроға экспорттады, ал импорт 30,9 миллион еуроны құрады. Мұндай статистикалық деректі еуропалық Eurostat келтіріп отыр.
ЕО елдері арасында Нидерландыға түйнек экспортының 81%-ы тиесілі (82 млн еуро).
Экспорттың жалпы көлеміндегі басқа жетекші экспорттаушылардың үлесі 10%-дан төмен болды: Литва (7%, баламасы 6,7 млн еуро), Польша (5%, 4,8 млн еуро), Дания (2%, 2,1 млн) және Латвия (2%, 2,0 млн еуро).
Деректерге сәйкес, сонымен қатар орхидея, гиацинт, нарцисс және қызғалдақ түйнектерінің көпшілігі Еуропа аумағына экспортталған.
Швейцария ЕО-ның осы өнім бойынша негізгі серіктесі, бұл тауарларды 31,3 миллион еуроға (жалпы соманың 31%) импорттайды.Одан кейін Ұлыбритания (21,4 миллион еуро, ЕО экспортының 21%), Норвегия (11,5 миллион еуро, 11%), Ресей (9,4 миллион еуро, 9%) және Украина (5,5 миллион еуро, 5%).
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото tengritravel.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через