фото: proprikol.ru
Еуропалық ережелерге сәйкес балалардың жеке өмірін қорғамағаны үшін TikTok компаниясына Еуропалық одақ 368 миллион доллар айыппұл салды.
Жұма күні Еуропалық одақ TikTok әлеуметтік желісіне кәмелетке толмағандарға қатысты ақпаратты өңдеу кезінде Брюссельдің деректерді қорғаудың қатаң ережелерін (GDPR) бұзғаны үшін 345 миллион еуро (368 миллион доллар) көлемінде айыппұл салды.
Тик-Токтың штаб-пәтері Дублинде орналасқан және ЕО атынан әрекет ететін Ирландияның Деректерді қорғау комиссиясы әлеуметтік медиа алыбына үш ай ішінде өз жұмысын сәйкестендіруді бұйырды.
Айыппұл 2020 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында орын алған бұзушылықтарды екі жылдық тергеуден кейін салынды.
Ирландия билігі өз шешімінде балалар тіркелгілері әдеттегідей жалпыға бірдей қолжетімді болатындай етіп тіркелген деген қорытындыға келді.
TikTok кәмелетке толмағандардың жеке деректерін қорғамағаны үшін бірінші рет жазаланып отырған жоқ. Әлеуметтік желіге АҚШ 2019 жылы шамамен 5 миллион доллар, Нидерланды 2021 жылы 750 000 еуро көлемінде айыппұл салды. Өткен сәуірде Ұлыбритания осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін шамамен 15 миллион еуро айыппұл салды.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через