фото: sputnik.kz
Қазақстан мен Ресейдің орталық банктері жүзеге асырып жатқан "Цифрлық теңге" және "Цифрлық рубль" жобалары ЕАЭО-ға мүше басқа елдердің сарапшылары арасында үлкен қызығушылық тудырды
ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Мәскеуде өткен ЕЭК Қаржы нарығы жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында сарапшылар қаржы секторындағы заңнаманы үйлестіру мәселелерін талқылады.
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі Сағынтаев пен жиынға қатысушылар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қарады, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.
"Қаржы нарықтарын реттеу мен қадағалау бойынша үйлестірілген талаптарды қалыптастыру капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі болып саналады", - деді ол.
Сарапшылар сақтандыру секторындағы интеграцияны дамыту бойынша келісім жобалары бойынша жұмыстарды талқылады. Отырыста сондай-ақ ЕАЭО елдері азаматтарының Автоазаматтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру полисін сатып алу мәселелері, сондай-ақ брокерлік шоттарды ашуға қатысты шектеулер мен кедергілерге қатысты мәселелер қаралды.
Консультативтік комитеттің мүшелері Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің "Цифрлық теңге" жобаларын және Ресей Федерациясы Орталық банкінің "Цифрлық рубль" жобаларын іске асыру барысын қарастырды.
"Цифрлық валюталарды енгізудің негізгі артықшылықтары тиімді және қауіпсіз төлемдерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, төлемдік қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды жақсарту болып табылады", - деді Бақытжан Сағынтаев.
Қазақпарат
© Photo : Пресс-служба ЕЭК
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через