фото: https://pixabay.com/ru/
Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың ІV тоқсанында жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну көлемі жөніндегі деректерді жариялады
Түркістан облысының тұрғындары нан мен жарма өнімдерін ең көп тұтынады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарындағы азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығындарының көлемі қатты өзгермеген, ондағы шығынның ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17.4%), нан мен жарма өнімдеріне (8%), сондай-ақ, сүт өнімдеріне (5,4%) тиесілі.
"Өңірлер арасында азық-түлік өнімдерін тұтыну көлемін салыстыратын болсақ, нан мен жарма өнімдерін Түркістан облысының тұрғындары ең көп тұтынған – 44,1 кг (тоқсанына жан басына шаққанда), ет және ет өнімдері бойынша Жамбыл облысы көш бастап тұр – 25,8 кг, балық өнімдерін ШҚО, БҚО және СҚО тұрғындарының дастарханынан жиі табуға болады – бір адамға шаққанда тоқсанына 5,2 кг", - делінген хабарламада.
Түркістан облысы көкөністі (23,8 кг), алматылықтар жемісті (22,1 кг), ал Ұлытау облысы тәттілерді (14,4 кг) көп тұтынған.
Егер соңғы бес жылдағы деректерді алып қарайтын болсақ, ет пен балықты тұтыну көрсеткіші жыл сайын ІV тоқсанда, ал көкөністер мен жемістерді тұтыну ІІІ тоқсанда көбейетінін байқауға болады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через