«Ертіс орманында» қоныс аударатын ерекше торғай көзге түсті

«Ертіс орманында» қоныс аударатын ерекше торғай көзге түсті
фото: Фото: pixabay.com

Тек қылқарды орманда ғана мекендейтін шағын денелі, тұмсығының ұшы қайшыша айқасқан кұс – шыршашыл қайшыауыз деп аталады. Ол торғай тәрізділердің бір түрі. Құстың қауырсындары жасыл, тоқсары, ақ, қызыл түстес. Оның тұмсығының астыңғы және үстіңгі жақтауы өзара айқасып орналасқан. Тұмсығының осындай айқыш құрылымының арқасында ол қылқан жапырақты ағаштардың бүрін оңай және өте тез жарып, бүрдің ішіндегі тұқыммен қоректенеді. Құстың денесі кәдімгі торғайдан сәл үлкенірек, дене ұзындығы 17 см-ге дейін, ал салмағы шамамен 38 г. Шыршашыл қайшы ауыздарды жыл сайын көру мүмкін емес. Олар қонған жерде азық қоры нашар болса, бірден басқа жаққа ауып кетеді.

«Ертіс орманы» резерватының мәліметінше, қайшыауыздар көбіне ағаштарда көруге болады. Жерге өте сирек түсіп, отырады.

ҚазАқпарат