Ерте тұру дағдысы

Ерте тұру дағдысы

     Таңертең ерте тұру – күні бойы сергек жүрудің бірден бір  жолы десек қателеспегеніміз. Егер ерте тұратын жанның қатарынан  болсаңыз, онда   миллиардер Джефф Безостың айтатын жайттары  сізгеге  таңсық болмауы тиіс.

     Қалай дегенмен де ерте тұрсаңыз алға қойған жоспарларыңызға айтарлықтай  белсене кірісесіз. Уақытыңыз да жеткілікті болады.

     Қазақ: «ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», – деп бекер айтпаған.

     Ерте тұру дағдысына басқа халықтар да біржақты қарамайды. Ирандықтар: «ерте тұрған адамның мақсаты да ерте тұрады» - десе. Қытайлықтар : «ұйықтап жатқан адамның бақыты да бірге ұйықтап жатады» деген мәні терең сөзі бар.

    Стандард,кз порталы да құрметті оқырман Сізді ерте тұру мәселесіне салмақпен қарауға шақырады.