Ерлі-зайыпты қазақстандықтарды 1,5 млрд теңгеге алдап кетті

Ерлі-зайыпты қазақстандықтарды 1,5 млрд теңгеге алдап кетті
фото: sputnik.kz

Алматы облысында "Елімай-2019" тұтыну кооперативі қаржы пирамидасын ұйымдастырған ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты.

Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратынша, "Елімай-2019" тұтыну кооперативі қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар 2019-2021 жылдар аралығында қайтарымсыз қарыз беру түрінде 3 мыңға жуық салымшының 1,5 млрд теңгеден аса ақшасын заңсыз тартқан.

"Тергеу барысында қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптыға тиесілі құны 1,2 млрд теңгенің мүлкі анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында сол мүлікке және 129 млн теңгеге шектеу қойылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен ерлі-зайыпты 6 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Шектеу қойылған мүлік жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалады.

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын құру, басшылық ету және жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

ҚазАқпарат