фото: pixabay.com
8 наурыз мейрамына ерлер де, әйелдер де бірдей дайындалады. Ерлер арасында бір ғана адамға сыйлық беруді жоспарлағандар көп, ал әйелдер арасында 6-10 адамға сыйлық жасау кең тараған. Ерлер көбінесе анасына, жұбайына және қызына, ал әйелдер анасына, достарына, қыздарына және әріптестеріне сыйлық іздейді. "Сапалы Қазақстан" порталының білшілері әйелдердің ерлерден не күтетінін және ерлер бұл мақсатқа қанша ақша шығындайтындарын анықтауға тырысқан еді.
Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі наурыз айының алғашқы күндерінде сыйлықтар сатып алуға тырысады.
Ерлердің шамамен 19% -ы мереке қарсаңында сыйлықтар сатып алуды жоспарласа, олардың 42% -ы мерекеге бір-екі күн қалғанда және тағы 5% -ы 8 наурызда сатып алуға барады.
Ерлер әйелдерге не сыйлайды?
Егер дәстүрлі гүл шоқтары ескерілмесе жалпы 8 наурызға арналған сыйлықтар тізімі шамамен мынадай болады:
Аналарға косметика мен парфюмерия беріледі.
Әйелдер мен қыздарға негізінен гүлдер, косметика және парфюмерия, зергерлік бұйымдар, романтикалық кешкі ас сыйға тартылады. Ерлердің 15% жуығы әйеліне іш киім сыйлауды жоспарлап отыр.
Әкелер қыздарына гүл мен ойыншықтар, ал аналары косметика мен парфюмерия, ақша, киім мен аяқ киім ұсынады.
Әжелерге негізінен гүл мен үй тауарлары беріледі. Сондай-ақ, кәдесыйлар, парфюмерия және тәттілер беріледі.
Достарына негізінен косметика мен парфюмерия, кәдесыйлар, үйге арналған тауарлар, тәттілер, алкоголь, кітаптар беріледі. Әріптестері мен бастықтарына да сол сияқты, бірақ оларға кітаптардың орнына сатып алу мен қызмет көрсетуге арналған сертификаттарға басымдық беріледі.
Фото pexels.com
Мерекеге қанжа ақша жұмсалады?
Сауалнамаға қатысқандардың шамамен үштен бірі сыйлықтарға 3000-нан 12000 теңгеге дейін жұмсауды жоспарлап отыр. Тек респонденттердің 16% ғана сыйлықтарға 30 000 – 60000 теңге бөлетінін мойындады.
Мереке қарсаңында әдетте бір уақытта смартфондарға, гаджеттерге және тұрмыстық техникаға орташа есеппен 50 мың теңге жұмсайды. Спорт пен туризмге арналған тауарлар үшін орташа чек – 40 мың теңге, зергерлік бұйымдар мен бижутерия – 35 мың теңге, үй және бақша тауарлары – 30 мың теңге, косметика мен парфюмерия – 17 мың теңге, кәдесыйлар мен аксессуарлар – 13 мың теңге, кәмпиттер, азық-түлік себеттері – 10 мың теңге, киім-кешек, іш киім – 6 мың теңге, кітаптар – 3 мың теңге.
Өткен жылмен салыстырғанда интернет-дүкендерде косметика мен парфюмерияға, азық-түлік себеттеріне, кәдесыйлар, кітаптар мен электроникаға сұраныс анағұрлым өскен.
2022 жылы picodi.com жүргізген сауалнамаға сәйкес, қазақстандық әйелдердің 39% ғана мерекеге гүл алғысы келеді екен.
Себебі әйелдердің 87% — жұмыста, 89% — жақын адамдарынан гүл алады.
Айта кетейік, сауалнамаға сәйкес, гүл таңдаулы сыйлықтар арасында бесінші орында.
Әйелдер қауымы сыйлыққа көбіне ақша (69%), парфюмерия (63%) және косметика (54%) алғысы келеді.
Сондай-ақ, мерекеге орай алкоголь (50%), іш киім (44%) және ашық хат (38%) қалайтындар да бар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через