фото: https://turkystan.kz
Алматы облысы Боралдай кентінің тұрғындары көпқабатты үйдің 1 бөлмелі пәтерінде 30-ға жуық ит асырап отырған азаматқа қатысты шағым айтты.
Көршілерін әлекке салған Сергейдің сан итін серуендетіп бара жатқандағы видеосы да бар. Көршілері айтқандай-ақ, әр адамға агрессивті жауап қатып, иттерін айтақтайтын көрінеді. Төрт аяқтылар адам қауып жатса да, түк болмағандай тайраңдап жүрген азаматқа бір шара қолдануды талап етті.
Біреуі келіп тістеп алды. Иесіне айтсам, "қайсысы тістеп алды" деп күліп тұр. Маған иттің тістегені емес, иесінің сөзі батты. Тірсектен тістеді, ізі де бар", – деді зардап шегуші Құрманбай Жолтаев.
"Көршінің келгеніне 20 жыл болды. Басында мысық әкелген. Енді ит асырап жүр, саны жиырмадан асады. Аулада қаншама адамды ит қапты", – деді көршісі Нұрбибі Байғанова.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через